АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шешенстанның халық әртісі қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)[:]

[:kz]

 

Шешенстанның Халық әртісі Элина Муртазова қазақша ән шырқап, елді тәнті етті. Ол қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі «Ана туралы жыр» әнін орындап, видеоның кавер нұсқасын YouTube-те жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Видеоның түсіктемесінде: 

 

«Ана… Әлемнің барлық тілдерінде ғажап естілетін сөз. Шешенстан Республикасының Халық әртісі Элина Муртазова барша аналарға арнап осы бір жантебірентерлік, әсерлі әнді қазақ тілінде орындады», — деп жазылған. 

Сондай-ақ, онда екі халықтың арасын ұзақ уақыт бойы бауырлық, достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғаны атап өтілген. 


«Ата-бабаларымыздың тарихы мен бастан өткерген қиыншылықтар бізді біріктіреді. Шешен халқы ауыр күндерді бастан кешкенде Қазақстан көмек қолын созды», — деп жазған автор.

Элина Муртазова үшін Қазақстан екінші Отаны іспетті. Әнші бір кездері біздің елде тұрған. 
  

 

[:]