АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Шешендер Ресейдің кері шегінген сарбаздарын нысанаға алмақ[:]

[:kz]

 

Украинадағы қарулы қақтығыста Қадыровтың жасақтары Киевтің кіреберісіне орналасып, қалаға шабуыл жасаудан қорқып, артқа шегінетін Ресей әскерін нысанаға алғысы келіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Украинаның Жоғарғы Радасы ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің мүшесі Федор Вениславский айтты.

«Қазір Қадыровтың жасақтары Киевтің кіребересінде тұр. Олар украин сарбаздарымен қарулы қақтығысқа түскісі келмеген немесе майданнан қашатын Ресей әскерін жайратып салуға дайындалып жатыр. Қадыровшылар осылайша басқыншыларды жан-жаққа тарап кетпеуі үшін бір жерде ұстап отыр. Соғыста мұны сталиндік және гитлерлік тәсіл деп атайды», – деді ол.

[:]