АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Серік Малеев. Әлемге – бейбітшілік. [:]

[:ru]

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-1Бүгінде әлемге соғыс емес, бейбітшілік керек, мұны бүкіл әлемдегі ақыл-ойы түзу миллиондаған адамдар түсінеді. Егер өздерінің игі тілектерін іске асырғысы келсе парасатты адамдар ядролық қаруды тоқтатуға күші жетеді. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап нақты істерімен көрсете отырып, бейбітшілік саясатты ұстанады. Біз өз елімізде жаппай қырып–жоятын қаруды сынақтан өткізетін Семей ядролық полигонын жаптық. Біз кеңес Одағынан мұра болып қалған ядролық арсеналдан бас тарттық. Біздің еліміз планета халықтарының бейбіт өмір сүруіне қатысты барлық жаһандық бастамаларға қатысады.

         Биылғы жылы тамыз айында президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы халықаралық «Әлемді ядролық қарусыз құру» атты конференцияда сөйлеген сөзінде «25 жыл бұрын дәл осы күні менің жарлығыммен әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигоны жабылды. Қрық жылдың ішінде 500-ге жуық сынақ жасалған полигонның мәңгілікке үні өшті.  Осылайша, біздің халық тәуелсіздіктің бастауында бүкіл адамзатқа бейбітшілікпен даму жолын таңдайтынын паш етті. Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік жолындағы теңдессіз қадамы болды» деді.

         Қазақстан бүгінде сыртқы ғана емес, ішкі саясатта да біздің балалар мен немерелеріміз үшін жарқын болашақ бағытын жасау жолын ұстанады. Қазақстан қабылдаған патриоттық «Мәңгілік Ел» кіріспесінде, бұл бүкілұлттық бірлік, бейбітшілік және елдегі келісімді қалыптастыруға бағытталған ұлттық идея деп түсіндіріледі.

 

Әртүрлі ұлттың балалары

         Қазақстан басшылығы бұл саясатты бүгінде барлық деңгейде жүргізеді. Қазақстанда мектеп қабырғасынан бастап бейбітшілік сабақтары өтеді, онда ұстаздар балалардың санасына қарапайым, жалпы адамзаттық құндылықтарды құяды. Ал енді осы құндылықтардың өзі тым күрделі. Кейбір кездерде ұйымдастыру, бірігудің өзі қиынға түседі, бірақ… кеше ғана ЮНЕСКО аясында Алматыда «Балалар бейбітшілікті суреттейді» деген балалар суреттері байқауының финалы болды. Оған Индия, Қазақстан, Китая, Корея, Қырғызстан, Монголия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстана және Жапонияның 7 мыңнан астам жас суретшілері қатысты.

         Байқау әр елдегі жас дарындардың өзара тіл табысуына, әр халықтың өз орны бар екенін сезініп, достық қарым-қатынас орнатуға бағыталған.

         «Сіздер бәрін білесіздер, биыл Алматы өзінің мыңжылдық меретойын атап өтпекші. Ұйымдастырушылар ЮНЕСКО аясында Алматыда осындай фестивальді өткізу, оның тақырыбын Орталық Азиядағы ірі қалалардың бірі Алматының мыңжылдығына байланыстыратындағы туралы идеясын айтқан кезде біз, әрине, қуанып қалдық. Бұл үшін барлықтарыңызға үлкен алғыс айтамын» деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Қазақстандық бейбітшілік саясаты іс жүзінде осындай. Халықтар арасына көпір салады. Ең жастық шақтан бастап балалардың бойларына сіңіреді. Ұлттар мен мемлекеттер арасындағы достықты нығайтады. Сонымен қатар шетелдік қонақтарды біздің халықтың салт-дәстүрлерімен, қазақ даласының мыңжылдық тарихымен таныстырады.

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-4 g_260710_3 20160208194852 images-3 %d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-2 %d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f-1

 

 

 

[:kz]

[:en]

[:]