Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Басқаны айтпағанның өзінде тек Астана көшелеріне 6183 “Сергек” камерасы орнатылып, 2019 жылдың 10 айында 1 млн 219 мың жүргізушіге 6 млрд 784 млн теңге айыппұл салған.

Сергек” қадағалау камералары халықты кедейлендірудің тиімді әдісіне айналды, деп жазады skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі Мақсат Ілиясұлы Facebook-парақшасында “Сергектің” халыққа тигізіп жатқан зияны туралы мәселені көтеріп, жазба қалдырды.

“Басқаны айтпағанның өзінде тек Астана көшелеріне 6183 “Сергек” камерасы орнатылып, 2019 жылдың 10 айында 1 млн 219 мың жүргізушіге 6 млрд 784 млн теңге айыппұл салған.

“Сергек” қондырғылары Алматы, Атырау тағы басқа ірі қалаларға жаппай орнатылуда. Бұл тонаушы құрылғы халықтың қалтасын қағып, жаппай наразылығын туғызуда. Осыған орай “Сергекке” қарсы митинг ұйымдастырса, Астана мен Алматыда және басқа қалаларда қанша адам көшеге шығар екен дейді бір ішкі ойым. Сіз қалай ойлайсыз, “Сергекке” қарсы алаңға шығар ма едіңіз?”, – деп сауал жолдады ол.

Рубрика: