АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сәуірдің соңында Алматыны қар басып қалды (фото, видео) [:]

[:kz]

 

Алматыда 21 сәуір күні түскі бір шамасында басталған қар әлі жауып тұр. Осы уақыт аралығында тау мен тау бөктеріндегі аудандарда 10-12 см жауын-шашын, ал қалада 6-8 см қар түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу үшін 21 сәуір сағат түнгі 22:00-ден бастап қала жолдарына арнайы қоспалар себіліп, жауған қар сыпырылып жатыр.

Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылған. Сонымен қатар, тротуарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Қар тазалауға 965 жұмысшы мен 395 техника жұмылдырлған.

Оның 136-сы құм шашатын техника.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігі қар тазалау жұмыстарын бақылау тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған. Синоптиктер болжамынша, Алматыда жаңбыр мен қар бүгін түске дейін жауады.

 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін синоптиктер Қазақстанда аяз күтілетінін айтып, ескерту жасаған болатын. «Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады. Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады», — деген еді мамандар.

kaz.nur.kz

 

[:]