АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты (фото) [:]

[:kz]

Руслан Жанпейісов есімімен танымал шымкенттік блогер, қоғам белсендісі Бейбарыс Райымбеков бостандыққа шықты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

«Мен бостандықтамын», — деп жазды блогер. Ол Otyrar.kz өңірлік басылымына алдағы уақытта өз кәсібін дамытып, спортпен айналысуды жоспарлап отырғанын айтқан. «Мен бостандыққа шықтым. Спортпен шұғылданамын. Өз кәсібім және жанұям бар. Жұмыс істеймін. Жақында достарыммен мотоциклмен шығамын. Ал қоғамдық істерге келсек, онымен айналыспаймын. Ешқандай пайда жоқ», — дейді Руслан Жанпейісов. Естеріңізге сала кетейік, қоғам белсендісі өткен жылы 30 шілдеде 1 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жанпейісов 2019 жылғы 10 маусымда Байтұрсынов көшесінің бойында Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісімен жанжалдасқаны үшін (салдарынан жәбірленуші көз жарақатын алған) және қоғамдық орында полиция қызметкерін жұрттың көзінше балағаттап, бейнежазбаны желіде жариялағаны үшін сот алдына келген.

Сот барысында белсенді кісіге қасақана дене жарақатын салғанын мойындамаған. Алайда, Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты блогерді Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-ші бөлігі, 378-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, сот Жанпейісовті жәбірленуші көлік жүргізушісіне 400 000 теңге, жәбірленуші полицейге 150 000 теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеген еді.

kaz.nur.kz

 

[:]