АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ресей Қазақстанды өзіне қосып алмақ па: Шойгу жауап берді[:]

[:kz]

 

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей Қазақстанды өз жеріне қосып алғысы келеді деген қауесетке жауап берді. Екі ел арасында от жағып, Ресейді жаман жағынан көрсеткісі келтіндерге де өз пікірін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеп хабарлайды. 

Шойгу Ресей тарапына айтылатын жағымсыз сөздерге қатысты қойлатын сұрақтарға шыдамылықпен жауап беретінін айтады. Ал Қазақстан жерін өзіне қосып алмақшы деген қауесетке:

 

«Көп нәрсені талқылауға болады, бірақ бізде бұрыннан қалыптасқан бауырластық қатынас бар. Біздің бөлісе алмай жатқан ештеңеміз жоқ! Себебі біз 98-ші жылы шекараларды толық демаркациялауды жүргіздік.

Сонымен қатар, бізде шекара туралы келісімге қол қойылды, қателеспесем, 2005 жылы қол қойылды. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы, неге сырттан араласып жатыр?» — деп жауап берді ол.

Оның пайымынша, белгісіз үшінші біреу, әсіресе, екі дос бір нәрсе туралы дауласа бастағанда пайда болатынын айтады.

«Бұл жағдайда мен Украина мен АҚШ туралы айтып отырмын. Бір керемет кеште бір үстелге отырғандар бәрі конституция аясында болады, президент кетеді, бір жыл ішінде сайлау өтеді және ол бұл сайлауға бармайды, бәрі жақсы болады деген кепілдікпен қол қояды. Бірақ 4 сағаттан кейін оны барлық түкпірден іздей бастайды. Содан кейін ұшаққа отырып, барлығын дәл осылай тастап ұшып кетеді. Осыдан кейін біреу Ресей мұның бәріне кінәлі деп айтады ма? Ресей сол жерде болғанның бәріне кінәлі ме?», — деді ол сұхбатында. 

Ресей қорғаныс министрі бейбіт қалаларда реактивті жүйелерден оқ атылғанына Ресей кінәлі емес дегенді алға тартты.

«Бейбіт қалалардың үстінен әскери тікұшақтар мен ұшақтар ұшып, атыла бастағанына ше? Сіздер сол жерде отырып осының бәріне қол қойдыңыздар. Онда ары қарай жалғастыра беріңіздер.

Сондықтан, 17 сәуірде Ресей үкіметінің мүшесі болғаныма 30 жыл болатындығын ескерсек, мен Оңтүстік Осетия — Грузия, Абхазия — Грузия, Приднестровье — Молдова, өзбек-тәжік қақтығыстарымен айналысуға мәжбүр болдым. Сонымен қатар, бұрынғы Кеңес Одағының көптеген республикаларынан босқындарды қабылдау, олар ондаған және жүздеген мыңдарды сол Қарабақтан, Бакуден, Армениядан алып келді. Яғни, бұл өте қиын кезең еді, бірақ сол кездің өзінде мен бәрі жақсы болатынына және біз бірге, бейбіт өмір сүретінімізге сенімді болдым», — деп қорытты ойын. 

[:]