Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Грузин әншісі және актері Вахтанг Кикабидзе 20 сәуірде  YouTube  желісіндегі «Әңгімелеп жүр» арнасына берген сұхбатында Путиннің Ресей үшін қаһарман болуға ұмтылғанын, бірақ шын мәнінде ол өз елін ойрандап тастағанын айтты.

«Ол еліне батыр болып қайтқысы келеді. Өйткені ол батыр емес болып оралса, оны өз халқы жазалауы мүмкін. Бірақ мен 100 % елін ойрандады деп айта аламын. Ол өз Отанын сүймейді», – деді Кикабидзе.

Кикабидзе «барлық жағымсыз нәрселер жазаланады», сондықтан Украинадағы соғыстан кейін Путинге «қайта оралуы» қиын болады деді. Грузин актердің айтуынша, ресейліктер Украинада болып жатқанның бәрін әлі көрмеген, сондықтан олар өз президентін қолдауды жалғастыруда.

«Ал бұл күнәлар көптің мойнында. Бұл кішкентай қыздарды зорлау, орасан зор адам өлтіру, осы цинизм», – деді актер. Ол Ресей әлі де соғысты жүргізуге тырысып жатқанын баса айтып, мұны арнайы әскери операция деп атайды.

 «Мұның барлығын айту қандай цинизм. Бұл 100 % геноцид», – деді ол. Тіпті мемлекеттік үгіт-насихаттың арқасында ресейліктердің миы 24 сағат бойы «жуылғанын» ескерсек, Кикабидзе оларды кінәлі санайды. Ал оның болашақ салдары көп кешекпей келеді.

Керімсал Жұбатқанов

Altyn-Orda.kz

Рубрика: ,