АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Путин Батыс елдерін оларда жоқ ядролық қару түрлерімен қорқытуда[:]

[:kz]

Сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы жағдайға біреу «сырттан» араласып, Ресейге  стратегиялық қауіп төндіретін болса, Мәскеу «найзағайдай ұрады» деп мәлімдеді. Санкт-Петербургте заң шығарушылар кеңесінің мүшелерімен кездесуде сөйлеген Путин стратегиялық қауіп төнген жағдайда «найзағай түсуіне» қатысты барлық шешімдер қабылданғанын атап өтті.

Ресей президенті найзағайдың нақты қай нысанаға және қандай қарумен соғуы мүмкін екенін айтпады. Ол ядролық қару туралы тікелей сөз қозғамағанымен, бірақ ол Ресейдің әлеуетті қарсыластарында жоқ кейбір қаруларды атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qapy. Qalma-Жаңалықтар (@qapy_qalma)

Путин 24 ақпанда Украинада арнайы операция басталғанын жариялағанына де тоқталып, кейін жағдайға шет мемлекеттер араласса, тарихта әлі орын алмаған зардаптарға тап болатынын айтты.

Сондай-ақ, ол қабылданбайтын стратегиялық қатерлердің нені білдіретінін нақтыламады. Алайда Ресейдің әскери доктринасы өзіне қарсы агрессия жағдайында кезекте ядролық қаруды қолдана алады, бұл мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төндіреді.

Путин тағы да «Донбасс пен Украинада» жүргізіліп жатқан «арнайы әскери операцияның» барлық тапсырмалары орындалатынын атап өтті. Осы міндеттердің ішінде ол Ресей тұрғындарына, аннексияланған Қырымға, ДХР және ЛХР елдеріне бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «тарихи перспективаның» қажеттілігін айтыа өтті. Бұған дейін операцияның міндеттері арасында Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру деп аталған.

Путин өз сөзінде Ресей билігі Украинаға басып кіруді ақтау үшін бұрын келтірген тезисін қайталады. Президенттің айтуынша, Ресейдің кейбір жаулары оны құртуды көздеп, «русофобия мен неонацистерге бәс тіккен», Украинаны «антиресейлік» елге айналдыра бастады және Украинаны Ресеймен тікелей қақтығысқа итермелеген.

Ішкі саясат туралы айтатын болсақ, Путин — бірқатар БАҚ-та жарияланған болжамдарға қарамастан — губернаторлардың тікелей сайлауының жойылатынын немесе күзге жоспарланған бір дауыс беру күнін кейінге қалдыратынын жарияламады.

Айта кетсек, арнайы операция – шын мәнінде, жарияланбаған соғыс – екі айдан астам уақыт бойы жалғасып жатыр. Ресей 24 ақпанда кең ауқымды басып алуды бастады. Осы уақыт ішінде Ресей әскерлері Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы бірқатар облыстардағы аумақтарды бақылауға алды, бірақ Киев пен басқа солтүстік облыстардан шегінуге мәжбүр болды. Ұрыс қақтығыстың екі жағында да, бейбіт тұрғындар арасында да мыңдаған шығын алып келді. Батыс елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді ұлғайтып, Ресейді санкцияға ұшыратып жатыр, бірақ олар тікелей қарсыласуға ниетті еместігін баса айтады.

Адырна” ұлттық порталы

[:]