Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Полицейлер бүгіннен бастап ала таяқтарын қайта қолдана бастайды. Министрлік ала таяқты қайтару бюджеттен қаржы талап етпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін ала таяқты қолдануға көшеді”, – делінген хабарламада.

Ала таяқ тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында қолданылады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мен кептеліс кезінде, бағдаршам істен шыққан жағдайда, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде, терроризмге қарсы операция немесе күзет іс-шараларын өткізу кезінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және жою кезінде көліктерді бағыттау үшін пайдаланылады.

Бұдан былай жол полициясы үстіне сары түсті кеудеше, қолына қолғап киіп, ала таяқ және ысқырықпен белгі береді.

Ведомстводан атап өткендей, бүгінде жолдағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылған.

“Көліктерді тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғыларды пайдалана отырып, ала таяқты қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылады”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Рубрика: