АЛТЫНОРДА
Шетел жаңалықтары

[:kz]Подоляк Украина мен Ресей келіссөздерінің төртінші раунды болатынын жариялады[:]

[:kz]

 

Украина Президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Киев пен Мәскеудің келіссөздер процесінде ымыраға келуі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесшінің айтуынша Мәскеу қақтығыстар туралы түсінігін өзгерткен. 

«Бізде мүдделерді қандай да бір жолмен қорғайтын, Украинада мұндай жағдайлардың қайталанбауы туралы барлық ұсыныстар бар»,-деп атап өтті Украина делегациясының мүшесі.

Украина тарапының өкілі қазір атысты тоқтату мен әскерді шығаруға қатысты әртүрлі ұсыныстарды қарастырып жатқанын айтты.

«Қазір мұның бәрі шартты жұмыс топтарында, құқықтық форматтарда жүргізілуде. Қорытынды құжаттар қалай көрінуі мүмкін екендігі талқыланады. Өйткені оларға қол қою қажет болады», — деп қосты ол.

Подоляк Украина мен Ресей келіссөздерінің төртінші раунды болатынын жариялады. Ол кездесудің жақын арада болатынын хабарлады.

[:]