Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

“Вечерний Ургант” YouTube каналында Байқоңыр тұрғындарынан сұхбат алмақ болған журналист Алла Михееваның репортажы жарияланды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Репортаж қала тұрғынының сұхбатынан басталады. Михееваның немен айналысасыз деген сұрағына ер адам қазақша жауап берген. Ер адамды түсіну үшін ол екінші бір адамнан аударып беруін өтінген.

Алайда аудармашы көмектесе алмаған. “Сіздер жай ғана сөйлесейік деген боларсыздар”, – деп қалжыңдайды Михеева. Тұрғындармен сұхбаттасқаннан кейін журналист Ресей ғарыш жүйесінің құрастырушысы Сергей Королевтің ескерткішіне, содан кейін жергілікті базарға барған. Одан бөлек, Алла Михеева қазақ отбасына барып, түскі ас ішкен. Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары бұл сұхбатты ең үздік шығарылым деп атаған. “Байқоңырлықтар, жарайсыздар! Сондай жағымды адамдар екен”, “Бұл мен көрген сұхбаттардың ішіндегі ең үздігі”, “Алла, сізге рақмет. Әбден күлдік”, – деп жазды пікір қалдырушылар.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: