Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Пермь мемлекеттік университетінде оқ жаудырғаннан кейін ұсталған жас жігіт жарақат алған. Студенттің аяғына тағы бір ота жасалып, аяғын ампутациялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме беріп.

Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

 

Baza Telegram-арнасы Бекмансуровтың жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын хабарлады.

“Дәрігерлердің пікірінше, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, алайда жағдайы кенеттен нашарлаған. Тимур әлі есін жиған жоқ, ол жасанды өкпені желдету аппаратына қосылған”, – делінген хабарламада.

Бекмансұровтың көптеген ауыр жарақатына байланысты бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін деп жазады Telegram арнасы.

Айта кетсек, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды. 

Рубрика: