Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

“Отбасы банктің” басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтар осы айда зейнетақы жинағын “Отбасы банкіндегі” депозитке аудара алатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Бір реттік зейнетақы төлемін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізу процесін жеделдетіп жатыр”, – деп жазды Ибрагимова. Оның сөзінше, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр. Ал бұған дейін қазақстандықтардың бұны 2022 жылы ғана жасай алатыны хабарланған.

“Біз депозиттерді толықтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында қосып, төрт демалыс күні арнайы шот пен депозит ашуға дайынбыз. Біз ел тұрғындары мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үйдегі компьютерден жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемін “Отбасы Банктің” депозиттеріне аудара алатындай техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз”, – деді қаржы ұйымының басшысы. Ибрагимова мұның бәрін арнайы платформада онлайн жасауға болатынын еске салды. Оның сөзінше, ақпарат қауіпсіздігі мақсатында платформа қазақстандық IP мекенжайларда ғана қолжетімді және планшет немесе стационарлық компьютерде жұмыс істеуге лайықталған.

“Егер біреудің порталға кіре алмай жатқаны туралы жазбасын көрсеңіз, бұл жазба авторының VPN арна арқылы түсініксіз сайттарға кіріп, енді платформаға кіре алмай жатқанын білдіреді”, – деді банк басшысы. Ибрагимова қазақстандықтарды филиалдар мен бөлімшелерге келмей-ақ, онлайн-сервисті, мобильді қосымшаны немесе бейне қоңырауды пайдалануға шақырды.

 

/kaz.nur.kz

Рубрика: