АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өрескел жағдай»: Қарағандыда мүгедек кісі «Қазпоштаға» еңбектеп кірді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі ер адам «Қазпошта» ғимаратына баспалдақпен еңбектеп кірген. Пандус атымен жоқ көрінеді. Бұл көрініс туралы видео, әрине, әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады, деп хабарлады paryz.kz

Видео сипаттамасында кадрлар Қарағандының Октябрь ауданындағы Пришахтинскінің 22-шағын ауданында түсірілгені жазылыпты.

«Мен мүгедектер мен қарттар үйінде тұрамын. Үнемі «Аliexpress»-тен зат аламын. Бес жыл бойы бәрі жақсы болған, бірақ қазір пошта бөлімшесі тіпті әлеуметтік қызметкерге сәлемдемелер беруден бас тартады. Алайда оның сенімхаты бар. Өзіме баруға тура келді. Міне, осылай», — делінген видеода. 

Осыған әлеуметтік желіде көптеген ашулы пікір жазылды. Адамдар қалада мұндай жағдай, өкінішке қарай, сирек емес екенін айтып жатыр. Десе де «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің өкілі бейнероликке түсінік беріп, мән-жайды анықтауға уәде берді.

«Өрескел жағдай. Ден қою шараларын қабылдаймыз, жағдайды анықтаймыз. Нәтижесін хабардар етеміз. Желі қолданушысына жазба мен әділ сын айтқаны үшін алғыс білдіреміз», — деді компания өкілдері.

 

 

 
 
 

[:]