АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Өлсем де Шымкентке тұрмысқа шықпаймын»: Ақтөбелік ару қалай оңтүстіктің келіні атанды [:]

[:kz]

 

«Ешқашан шымкенттікке тұрмысқа шықпаймын» деп өзіне серт берген ақтөбелік ару бүгінде оңтүстікте бір үйдің түтінін түтетіп отыр. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында жас келін Зере Нұрпейісқызы еліміздің батысында оңтүстік өңір жайлы түрлі теріс көзқарас қалыптасқанын, бірақ оның көбі жаңсақ пікір екенін алға тартады.

Ел ішінде әр аймаққа қатысты түрлі стереотиптер қалыптасқан. Әсіресе еліміздің үшінші ірі қаласы Шымкент тұрғындары жайлы көзқарас біркелкі емес. Ақтөбелік Зере Нұрпейісқызы да осы өңірге келін болып түспей тұрғанда, шымкенттіктер жайлы теріс пікірде болғанын мойындайды

. «Өлсем де Шымкент жаққа тұрмысқа шықпаймын» деп айта беруші едім. Қазір осында келін болып жүрмін. Мен Ақтөбе облысы Хромтау қаласының қызымын. Жасыратыны жоқ, батыста оңтүстік жайлы осындай бір көзқарастар қалыптасқаны рас. Шымкенттіктерді «южандар» деп атайды. Өздері қу, келіндерін құлша жұмсайды, таңғы 5-те тұрғызады, аула сыпыртады дегендей ой қалыптасқан.

Сондықтан да шығар, шымкенттіктерден аулақ жүруге тырыстым», — дейді жас келін. Зере кішкентай күнінде Шымкентке қонақ болып келіп, сондағы күннің ыстығына шыдамағанын еске алды. «Мен жұбайыммен таныспай тұрғанда 3 мәрте Шымкентке қонақ болып келдім. Шілденің ыстығынан тойдан ылғи ауырып қайтатынмын. Әлі есімде. Сол кезден бастап-ақ Шымкентті ұнатпағанмын», — дейді ол.

Бірақ оның оңтүстік туралы ойы болашақ жарымен танысқанда, өзгеріп сала берген. «Есейдім. Құрбыларыммен Шымкент, Түркістан қалаларына қыдырып келдік. Сол ортада болашақ жұбайыма ғашық боп үлгердім. Қаланың ыстығын қайдам, махаббаттың отына өртендім (күліп). Жаныңда шынайы ғашығың болса, ең жек көретін қалаң да сүйікті мекенге айнала бастайды екен. Қазір Шымкент қатты ұнайды. Қыздарға айтарым — «ешқашан» деп ешқашан айтпаңыздар️», — дейді Зере. Зеренің айтуынша, «Шымкентте келіндерді құлша жұмсайды» деген пікір шындыққа жанаспайды.

«Ол бос сөз. Ешкім таңғы 5-те тұрғызып, аула сыпыртып жатқан жоқ. Керісінше, анамыз бен әкеміз (ата-енесі — ред.) бізге барынша қолдап, білместігімізді түзеп келеді. Ал анаммен (ене — ред) тіпті, кейде үйдегілерден қашып, кафеге барып ташкент шайы мен ірімшік қосылған сорпа ішіп келеміз», — дейді ол.

 

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @madzikow_

. KAZ.NUR.KZ

[:]