АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Олар бесеу болған, үшеуі 10-сынып оқушылары»: Алматыда зорланған баланың әкесі оқиғаның жаңа деректерімен бөлісті[:]

[:kz]

 

  1. Мектеп қабырғасында зорлық көрген 1-сынып оқушысының оқиғасы жалғасын тапты. Әкесініңғ айтуынша, ұлын зорлағандар 5 болған, олардың үшеуі 10-сынып оқушылары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап, 

«Біріншіден, зорлық көрсеткендердің екеуі жетінші сынып оқушылары. Кей жерлерде оларды 6-сыныпта оқиды деп жазған. Олай емес. Екіншіден, мұнда 10-сыныпта оқитын 3 оқушы қатысқан. Олардың біреуін тергеуге шақырды, екеуі шақырылған жоқ. Барлығы бесеу болған. Жетінші сынып оқушылары ұлымның артынан сабаққа келген, ал жоғарғы сынып оқушылары үлкен қоңырау кезінде дәретханаға алып кеткен», – деді ер адам. 

Айтуынша, барлық бес оқушының үстінен полицияға арыз түсірген. Алайда тергеу ұзаққа созылып жатыр. 

«Ешкім сол күйі жауапқа тартылған жоқ, тіпті ата-аналарын да тергеуге шақырмады. Журналистермен сөйлесіп, оқиға жайлы айтқан соң ештеңе өзгермеді. Ұлымды жауап алу үшін сотқа шақырды. Бұл кезде тергеуші шақырған. Сот және жауап алудан кейін ұлымның қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлады. Дәрігерлерді шақырдық. Бірнеше күн қызуы түспеді. Тергеу шараларының кесірінен жағдайы нашарлай берді. Ал кінәлілер жауапқа тартылған жоқ», – деп қосты әкесі. 

Ер адам полицейлердің тергеу жүріп жатқанын айтып, сабырлы болуға шақырды дейді. 

«Олар құжатта жараның қағаздан немесе нәжісінен, бәлкім ер адамның жыныс мүшесінен болуы мүмкін деп топшылап жазған. Мүмкін, түсінесіз бе», – дейді ол. 

Ер адамның баласының жағдайы нашар екенін айтады. Жарақаты әлі жазылаа қоймапты. 

«Ұлым ауырып жатыр. Кеше ғана проктолог-дәрігерде болдық. Жарылып кеткен орындары әлі жазылмады. Одан әрі үлкейген. Емі ше? Түрлі жақпамайлар мен марганцовка тағайындады. Бірақ бұл көмектеспейді. Дәрігерлер уақыт өте кетіп қалатынын айтты. Психологтар ше? Емханадан психолог келеді, жас қыз. Ол қалай көмектеседі? Ұлыммен 15-20 минут отырады, сөйлеседі. Бұл ұлыма не береді? Жекеменшік мамандарға жүгінбеймін, себебі ұлымды одан әрі жарақаттағанын қаламаймын. Әрине, келесі жылы ұлыма басқа мектеп іздеймін. Қашықтан оқығаны дұрыс болады», – деді ер адам. 

Айта кетейік, бұған дейін бірінші сынып оқушысын бірнеше рет мектеп әжетханасында зорлағаны туралы хабарлаған едік. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Смаилова мәлімдеген.

[:]