Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасы танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдері Тұрсынбек Қабатовтың қызының құжаттарында заңбұзушылық анықталмағанын жеткізді.

 

“Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы барлық “Алтын белгі” иегерлерін білімге құштарлығы мен мақсатқа жетудегі табандылығы үшін ризашылығын білдіре отырып, оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шыныменде жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлайды

Құжаттардың үлгілік ережелердің талаптарына сәйкестігіне жүргізілген мониторинг бойынша ешқандай заңбұзушылық анықталмады және құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келеді”, – делінген басқарма хабарламасында. 

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген болатын. 

 

Рубрика: