АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Нұр-Сұлтанда екі азамат суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды құтқарып алды (видео) [:]

[:kz]

 

Нұр-Сұлтанда екі жігіт көпірден өзенге секіріп кеткен 15 жастағы қызды құтқарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 қазан күні сағат 14-33-те Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының құтқарушылары «Атырау» көпірінен жасөспірім қыз баланың суға секіріп кеткендігі туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Сол жерден өтіп бара жатқан екі адам баланың суға секіріп кеткенін көріп, іле-шала суға сүңгіген. Құтқарушылар жеткен кезде екі адам ес-түссіз жасөспірімді жағаға жеткізуге тырысып жатты. Құтқарушылар баланы қайыққа салып алып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл жедел құтқару отрядының орталығына аттанды”, – делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

 

Абырой болғанда, бойжеткен аман қалған. Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды.

Қазіргі таңда жасөспірім қызды құтқару үшін суық суға сүңгіген екі ер азамат іздестірілуде. 

 

[:]