Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Үндістан ғалымдары коронавирустың жаңа штамының ерекшеліктері туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі India Today сайтына сілтеме жасап.

Үндістан медициналық ғылымдар институтының директоры Рандип Гулерияның айтуынша, COVID-19-дың жаңа штамы өте жұқпалы. Оны жұқтыру үшін науқас адамның жанынан бетпердесіз өту жеткілікті. Қауіпсіздік шараларын сақтау инфекцияның тарауын болдырмауға көмектеседі. Бірақ билік жаңа нұсқаның моноклоналды антиденелерге төзімділігі мен иммунитетті “айналып өту” қабілетіне алаңдап отыр.

“Үнді консорциумының мамандары SARS-CoV-2-ні геномикасы бойынша зерттейді (“дельта-плюс” штамы. – авт.ескерту.) және оған қарсы вакциналар қаншалықты тиімді екенін білеміз”, – деді Гулерия.

 

Айта кетейік, коронавирустың үнді штамы (B. 1.617) наурызда анықталған. Кейін оның үш кіші түр бөлінді: B. 1.617.1, B. 1.617.2 және B. 1.617.3. Олар спайк ақуызындағы бірнеше мутациямен ерекшеленеді, соның арқасында патоген ағзаға енеді.

“Дельта” штамының мутациясы әлі жалғасып жатыр. Өткен аптаның соңында Махараштра штаты “дельта-плюс” штамы пайда болғанын хабарлады (B. 1.617.2.1). Ол S ақуызында k417n мутациясының болуымен ерекшеленеді. Ол аурғандар мен вакцина алған адамдардың сарысуы мен антиденелерінің белсенділігін төмендетуі мүмкін. Жалпы Үндістанда “дельта-плюс” инфекциясының 22 жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, 20 маусымдағы жағдай бойынша SARS-CoV-2 “дельта” штамы әлемнің 74 елінде анықталған. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген қауіп барын айтқаны хабарланған болатын.

Кейін Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин де қалада “дельта” штамы табылды деген қауіп барын айтты.

Рубрика: