Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Әлеуметтік желідегі түрлі топтарда “Маңғыстау облысында Атом электр станциясын салу жоспарланып жатыр” деген ақпарат тарады. Бұған қатысты өңірдің қоғамдық коммуникация орталығы пікір білдіріп, мәліметтің шындыққа жанаспайтынын жеткізді деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. “Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен “Самұрық-Қазына” қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан-жақты пысықтауда. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ”, – деді қоғамдық коммуникация орталығы.

 

Скриншот: Stopfake.kz

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: