Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Айнұр Тұрсынбаева қыз ұзату кезінде көрген қызықтарын баяндады. Айтыскер өзі ұзатқан қыздардың өзі секілді сөзшең болып келетінін айтады. 

Айтыскер бірнеше жылдан бері қыз ұзатып келеді. Өзінің айтуынша, осы уақытқа дейін 100-ге жуық қызды оң босағадан ұзатқан. Осындай тойларда қызықты жайттардың куәсі болып жүр. 

“Менің дауысымды ұмытып қалған жоқсыздар ма??? 2016-2019 арасында 100-ге жуық қызды ұзатыппын… Қазір емін-еркін тойлаудың өзі арман болды ғой. Қыз ұзатуда жүріп те біраз қызықтар болып еді. Бір қызды жетектеп шығарып келе жатсам, жайлап қана “сізбен фотоға түсіп алу керек еді” деп кояды.

Қызылордада бір қызды жетектеп келе жатсам, “жігітіме айтыңызшы мені көтермесін” дейді. Өзі толыктау, балуан денелі қыз, жігіті нәзіктеу екен. Құлатып ала ма деп қорыққан-ау.

Ақтауда қыз шығарып келе жатырмын. Жылап келе жатыр. Жылап келе жатып жеңгесіне “сырғамды ұмытпай беріп жібер” деген кезде күлкіден жарылып кете жаздадым. Сіздердің тойда қандай қызықтар болып еді?”, – деп жазды Айнұр ханым. 

Желі қолданушылары күлкіге қарық болды. Көпшілігі ақ тілегін жазды.

“Сіздің даусыңыз қалықтың жүрегінде сақталған”, “Бұйырса менің немеремді де жетектеп шығарасыңыз, Аллаһым сол күнді нәсіп етсін”, “Керемет! Қазақтың ұлттық киімінде одан сайын сұлу көрінесің, Айнұржан”, “Ия, әсіресе, сіздің дауысыңызды сағындым, Ая апа. Тамаша айтасыз. Шығыстың талантты қыздарының бірісіз ғой. Өнеріңізге бас иемін”, “Мазам болмай ауырып жатыр едім. Постыңызды әніңізді дауысыңызды тыңдап рахаттансам, бір жағынан күлкіден жарылдым-ау”, “Қандай керемет сөз. “Балапаным-ай, балапаным-ай бесіктен босамасын алақаның-ай”, “Керемет қызықты естеліктер екен. Сырға туралысы көңілімді көтерді”, – деп жазды желідегілер.

 Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рубрика: