АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]«Күйеуі үнсіз қалды»: Хиджаб киген қыз мәһрге құны бір миллион болатын телефон сұрады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде орамал таққан жас қалыңдық күйеуінен мәһрге бағасы бір миллионға жуық IPhone 13 PRO телефон сұраған видеосы қызу талқыға түсті.

Әлеуметтік желіде орамал таққан жас қалыңдық күйеуінен мәһрге бағасы бір миллионға жуық IPhone 13 телефон сұраған видеосы қызу талқыға түсті, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Видеода жігіт молданың алдында әйеліне қымбат телефонды сыйлауға уәде бергені көрсетілген.

Молда уәде қанша уақыттан кейін орындалатынын сұрап еді, жігіт сескеніп үндемей қалды.

«Қазақтарда енді жаңа мода басталады,тіпті осы мәhір тақыр үшін пәленбай қыз хиджабгүл болып кетсе де таңғалмаймын.”Түйе сұра,бие береді”деген қағиданы мықты біледі екен мына орама. Жайлап қана сызылып,бірақ нық айтты ғой шіркін. Мәхр деген “пәле”келе жатыр алда жігіттер, қамданыңдар, қалталарың толық болсын»- деді видеоның авторы.

Махір деген не, осы? Соны білмедік те ғой, біз. Ешкім сұраған да жоқ, олай. Мына қыздың орамал тартып, иманды болғаны не болды, күйеуінің айфон 13 әперетін жағдайы бар ма, жоқ па, басын да ауыртпады. Оның бағасы арзан емес, млн-ға жуық. Мәхір сұрау міндетті болса, “шын көңілден сыйлаған кез келген сыйлық болады” деп айтуға болмай ма? Шамасы келіп тұрса, әйелінен ақша аямасы анық қой. Осы жас қыздар “ушлый” әйтеуір», деп жазды Ләззат Ахатова.

«Төрт əйел аламын деп жүргендерден əйелдердің әрқайсысы бір-бір су жаңа мерседес сұрасын мәһрға. Ойлап жүр-ау, оңай болады деп», «Жұрттың алдында өз болашақ жарын ыңғайсыз жағдайға қалдырып тұр. Бұл телефон екеуінің арасындағы ғана əңгіме жəрия болмайтын»- деді желі қолданушылар.

[:]