АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Қорғаныс министрі әскерден шығарылған әйелдің ісін бақылауға алды[:]

[:kz]

 

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылды деп хабарлайды   halyq-uni.kz

Қорғаныс министрлігі Facebook-тегі Немолчиkz парақшасында келісімшарт бойынша қызметші А.Б.Елшібаеваны Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарылғаны туралы жазбаның жарияланып, оған батальон командирігнің оғаш қылық көрсеткен фактісі бойынша түсініктеме берді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімде тексеріске кірісіп кетті.

Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті қызметтен шығарудан бастап қылмыстық іс қозғауға дейін жауап беретін болады, –  делінген хабарламада. 

Тексеру Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды.

Осы мәселе төңірегінде туындаған барлық сұрақтар бойынша тікелей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне төмендегі номерлерге хабарласуға болады: +77172721559, +77172721869.

[:]