Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматыда әйелге туған анасы мен інісі күйеуден қайтып келгені үшін соққыға жыққан. Шыдамай дағдарыс орталығына қашып кеткен әйелді жақындары 2 күннен кейін орталықтан қайта көлікке басып ұрлап әкетіпті. Жұмыстан орталыққа оралмаған әйелді мамандар іздеп, дереу полицияға хабарласқан. Бірақ сақшылар бұл “отбасылық жанжал” деп жәбір көрген кісіні дереу іздемей қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Өткен сенбіде етегі жасқа толып, орталыққа өзі келген 24 жастағы Замира Самарованы дүйсенбі күні кешкісін анасы мен інісі жұмыстан шығар сәтін аңдып тұрып, көлікке күштеп отырғызып қаланың шетіндегі өз ауылдарына әкеткен.

 

Замираның айтуынша, күйеуден қайтып келген оны, отбасы қабақ ашып қарсы ала алмапты. Отырса – опақ, тұрса – сопақ болған келіншектің жақындары ажырасып бізді елге қара бет қылдың деп әр қадамын аңдып, шалыс басса көкала қойдай сабайды екен.

“Мен ажырасқаннан соң, өз отбасымнан 6 айдан бері тек қорлық көріп келемін. Неге тұрмыстағы қиындыққа шыдамайсың деп мен төпелеумен болды. Кейін бір орыс ұлтының азаматымен араласып жүргенімді біліп қойып, қарғап, шашымнан сүйреп әбден ұрды. Тіпті мұрнымды да сындырып тастады.Телефоным арқылы қайда жүргенімді бақылайтын бағдарлама орнатып қойған. Әрі қарай шыдай алмаған соң, осы орталыққа қашып кеткен едім. Мені жұлқылап көлікке отырғызып жатқанда айналамдағы бірде-бір адам көмекке келмеді, бәрі құр қарап тұрды”,- дейді әйел. 

Жәбір көрген Замираға полиция да дереу көмекке келе қоймапты. Оның жоғалып кеткенін орталық мамандары құзырлыларға хабарлап айтсақ та, тым құрығында үйіне іздеп баруға құлық танытпады дейді.

ЖАН-САЯ” дағдарыс орталығының директоры Зульфия Байскакованың айтуынша, журналистер келеді дегенді естіген отбасы қызды орталыққа кері қайтарып жіберіпті.

“Алматы облысы Іле ауданының полиция қызметкерлеріне біз шағымданып, қайта-қайта хабарласқаннан кейін бір тәуліктен соң қыздың үйіне іздеп барды. Учаскелік полиция, бізге тіпті отбасындағы жанжалдың нүктесін шешесі қойған жөн деп ақыл айтады. Бірақ, бұл қыз бізге өзінің туғандары әбден сабағанын айтып жылап келген. Адам өміріне қауіп төніп тұрған кезде, полицияның немқұрайлығына қайран қалдым”,- дейді ол. 

Жыл сайын елімздің әр өңірінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген кемі 350-ден астам әйел осы орталықты паналайды. Көбі көп балалы аналар. Тиранның тұзағынан құтылдық деген олар, алты айдың ішінде жұмысқа тұрып, пәтер жалдап көшіп кетуге тырысады екен.

Рубрика: