АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]«Кішкентай кезімнен орыстан таяқ жеп өстім». Алмат Сақатов Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Менен ел сұрайды, сіз Украинаны қолдайсыз ба, әлде Ресейді жақтайсыз ба деп. Мен айттым ғой, кішкентай кезімнен орыстан таяқ жеп өскенмін. Кішкентай кезімізден маған орысша оқымасаң адам болмайсың деп тәрбиелеген. Өйткені қазақтар өмір бойы өзіміздің адам екенімізді дәлелдеп келе жатырмыз. Және дәлелдеп те өтуіміз керек. Негізі соғыстың болғаны дұрыс емес. Саясатамыз неге қозғалмайды, неге кіріспейді деп сұрайды.

Баяғыда бір Жомарт деген жігіт бір ақсақалға келіп, алтын жүзікті көрсетіп «мынаның ішіне Жомарттан Айгүлге деп жазсам қалай болады» деп сұраған екен. Сөйтсе ақсақал, «тек Жомарттан деп қана жаза сал» депті.

«Неге, Айгүлді жазбаймын ба?», деп сұраса, енді кейін Айгүлмен ұрсысып қалсаң басқа қызға сыйлай салуға ыңғайлырақ болады емес пе деген екен.

Біздің саясатымыз да сондай болып тұр ғой. Негізі қылтың-сылтыңды қойып, ауыр болса да, қиын болса да бір жаққа шыққан дұрыс қой«, деп түйіндеді сөзін Алмат Сақатов.

 

Көпшілік әр түрлі пікір айтқан.  «Иә, дұрыс айтасыз, Кеңес одағы кезінде орыссыз, орыс тілінсіз күн көре алмайсың деп тәрбиелеуші еді, енді ешкімге тәуелді болмай-ақ қояйық» десе,  енді бірі:

«Надандықты кою керек қой. Американың саясатына еріп отырған Украинаны жактайсың ба?. Елге озіңнің әзілдеріңді айтып жүре берсеңші. Саясатты түсінбесең. Көзді ашып, көкіректі ояту керек қой. Қазақты кім көрінген шауып жойылып кететін болғасын, Әбілхайыр хан орысқа қосылып, қазақты солай сақтаған. Бәріне түсіністкіпен қараған жөн» депті

Еске салсақ, Ресей әскерінің Украина жеріндегі әскери іс-қимылдарының өтіп жатқанына бүгін 9 күн болды. Кеше Ресей мен Украина тарапының екінші мәрте келіссөздері өтті.

 

 

[:]