АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Келесі жылдан бастап коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналар ақылы болады[:]

[:kz]

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда шығарылмайтын коронавирусқа қарсы вакциналар болашақта ақылы түрде салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер ревакцинация кезінде қолданылатын вакциналар туралы сұрады.

 

«Сіз Facebook-та ревакцинацияға қатысты ұсыныс жасадыңыз. Оған сәйкес, 2022 жылдан бастап Қазақстанда өндірілген вакциналар қолданылады. Сонда келесі жылы қазақстандықтарға ревакцинация және жоспарлы вакциналау үшін тек QazVac пен Спутник V ғана қолжетімді бола ма?», — деді журналистер.

«Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз», — деді министр.

 

Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді. “Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз», — деді министр. Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарды шектеу жоспарланбағанын айта келіп, бұл шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен ғана қолданатынын түсіндірді. Яғни, Спутник V және QazVac вакцинасынан басқа екпелерді қосымша, ақылы негізде салдыруға болады. Қазір фармкомпаниялар бұл мәселені пысықтап жатыр.

 

Біз өз вакцинамызды шығара аламыз. Оның клиникалық тиімділігі дәлелденген. Ол вакцинаны кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алатын боламыз. Бірақ басқа вакциналар тұмау мен басқа да екпелер сияқты коммерциялық айналымда болады. Адамдар ол вакциналарды ақылы түрде салдыра алады», — деді Цой.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын айтып берген еді.  

[:]