АЛТЫНОРДА
Интервью

[:kz]«Қазақтың жарты тарихы – жалған» – Айдос Сарым (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Украинадағы жағдай, Қазақстанның билігі, Байқоңырдағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Біздің қоғам қуғанға да, қашқанға да серік. Өз өмірлерін сүріп жатқан жоқ. Біреудің соғысына ілескісі келеді. Өзіміздегі өмір қайғылы, мұңды болып көріне ме? Өз өмірімізді сүрудің орнына әлеуметтік желілердің алгоритмі айдап салған тақырыптарға жақындай береміз. Бұл – үлкен қателік. Қалай дегенде де Қазақстанның өзіндік орны бар. Қазақстан аю мен айдаһардан, Ислам әлемі мен Батыс әлемінен аман қалу үшін өзіндік ойын ойнауы керек», – деді ол.

Сұхбат барысында депутат қазақтардың өз тарихын да оқымағанын айтып, тарихтың жартысы мифтен құралғанын жеткізді.

«Біздің қазақ өз тарихын да оқымаған. Біздің қазақтың басындағы тарихы – мифтен құралған жалған тарих. Қазір қазақтар айтып жүрген әңгіменің 70 пайызы миф екенін дәлелдеп бере аламын. Қазақ батыр болған, дәулетті болған, бірақ біз ойлап жүргендей алтын ғасыр болмаған», – деді депутат.

[:]