Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Белоруссия президенті Александр Лукашенко Қазақстанға көмек көрсету туралы айтып, Путинге ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ-тың экономикалық нарықтарын біріктіруді ұсынды.

Бұл туралы ол Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде айтты, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Тыңадың, біз өз одақтастарымызға әрдайым көмектескенбіз. Қазақтарға көмектестік. Барлығына көмектестік. Кейбіреулерге нарықты ашып бердік. Ол елдердің аттарын атамай ақ қояйын, олар ренжіп қалады. Бізге ҰҚШҰ мен ЕурАзЭҚ-тың экономикалық нарықтарын біріктіру керек. Бізге бірге болу керек, бірге жиналайық”, – деді Лукашенко.

Сондай-ақ, ол Путинмен кездесуде Мәскеуде бірге жиналып, Санкциялар жағдайында қалай өмір сүру керектігін талқылауды ұсынды.

Рубрика: