АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді[:]

[:kz]

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси Қазақстаннан Иран арқылы Түркияға баратын алғашқы контейнерлік пойызды жөнелту рәсіміне онлайн форматта қатысты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми каналында хабарлады

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодардан шыққан жүк пойызы Түрікменстан аумағы арқылы өтіп, бірнеше күннен кейін Тегеранға келген. Рәсім барысында екі елдің мемлекет басшылары пойыздың ары қарай Түркияға жөнелтілуіне белгі берді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел үкіметінің басшыларына және теміржол жетекшілеріне аталған жобаны әзірлеп, жүзеге асырғандары үшін ризашылығын білдірді. «KTZ Express» компаниясы ұйымдастырған пилоттық контейнерлік пойыздың құрамында әрқайсысының салмағы 20 фут болатын 48 тіркеме бар.

Пойыз 12 күнде 6 336 шақырым жолды басып өтеді. Жүкті ауыстырып тиеуді қажет етпейтін жаңа трансұлттық қатынастың іске қосылуы балама бағдарларды әртараптандыруға және Қазақстан аумағы арқылы өтетін контейнерлік жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында Иран президентінің атынан Қазақстан президентінің құрметіне арналған ресми қабылдау болды.

kaz.nur.kz

 

[:]