Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Елде Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп өзгерту үшін петиция құрып, қол жинау басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда республика үкіметінің бастамасымен Парламенттің төменгі және жоғарғы палаталарының бірлескен отырысында елімізді 30 жылға жуық уақыт бойы басқарған тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне елордаға атауын беруді ұсынған болатын.

Сол күні Астананың атын өзгерту туралы мәселе Парламент пен Астана мәслихатында мақұлданды. 2019 жылдың 23 наурызында Тоқаев Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Әлеуметтік желілер мен қарапайым адамдардың арасында теріс пікір тудырған бұл шешімге бұрынғы атау қайта өзгертілсін деген өтініштер айтылуда.

“Қоғамдағы көңіл-күйді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентін, Үкімет пен парламентті бұрынғы атауын еліміздің елордасы — Астана қаласына қайтаруды сұраймыз”, – деп жазды петиция авторы.

Сонымен қатар құжатта барлық қалалардағы жергілікті басқару органдарынан Назарбаев атындағы көшелерді елдің мемлекеттілігін, бірлігі мен тәуелсіздігін көрсететін бейтарап атауларға өзгерту сұралған. 

“Мысалы, Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылын Республика даңғылы деп қайта атауға болады”, — делінген петицияның соңында.

Рубрика: