Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ғаламтор беттерінде мас күйде болған ресейлік әнші Дима Биланмен түсірілген видеоны жариялаған қазақстандық блогер Біржан Әшім ресейлік өнер иесінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Танымал блогер бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Қазақстанда өткен тойға қонақ ретінде шақырылып, Биланның өнерін бейнежазбаға жазып алған блогер ресейлік әртістің айналасында жанжал шығарғанын мойындады. Ол өнерпаздан жағымсыз пікірлер үшін кешірім сұрап, оның жақсы әртіс екенін айтты. Біржан Әшім Биланның ерсі мінез-құлқы оның кумирге деген көзқарасына мүлдем әсер етпегенін қосып өткен.

Рубрика: