АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша әлемде 109-шы орында тұр[:]

[:kz]

 

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Киясов Қазақстан әлем елдері арасында коронавирустың таралуы бойынша 109-шы орында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр қазіргі кезде Қазақстан «сары» аймақта тұрғанын айтып, жағдайдың қалыпты екенін жеткізді. 

 

«Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде коронавирустық инфекцияның өсуі бұрынғыша жалғасуда. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 104 375 866 КВИ жағдайы тіркелген, аурушаңдықтың өсуі – 0,4 құрады. 2 262 093 адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,2% құрады. COVID-19 ауруы бойынша жалпы әлемдік рейтингте Қазақстан 1 млн адамға шаққанда 221 — ден 109-шы орында тұр», — дейді Қиясов.

[:]