АЛТЫНОРДА
Новости

ЖЫНДЫҒА ҚАРУ ҰСТАТҚАН

842632cd5137c51b8a7d7cd1bf544840Соңғы бір-екі жылдың ішінде Павлодар облыстық Ішкі істер департаменті психоневрологиялық диагнозы бар 31 адамға қару қолдануға және осындай ауруға шалдыққан 24 адамға автокөлікті басқару куәлігін бергендігі анықталды.
Бұл фактілер бойынша материалдар облыстық Ішкі істер департаментіне жіберіліп, онда ҚР ҚК 325-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл тек бір облыстың аумағында ғана жүргізілген тексеру жұмыстарының көрсеткіші. Ал жалпы республика бойынша спихдиспансерде есепте тұрған, қолдарында «сары карточкасы» бар ақыл-есі кем қаншама адам қару ұстап, көлік жүргізіп жүргенін кім білсін. Дәрігерлердің анықтамасынша, психоневрологиялық диагнозы барадамдар ешқашан толықтай айығып кетпейді, олар кез келген уақытта құтырып, өз ісіне жауап бере алмайтын жағдайға келуі мүмкін. Сондықтан жүйке ауруларына шалдыққан адамға кез келген қару түрін ұстауға және көлік жүргізуге рұқсат берілмейді, заңмен тыйым салынған. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ақпараттық-сараптамалық бөлімі қазір облыстардағы осындай заң бұзушылықтарға жол беру фактілерін анықтап жатыр.

«Одан басқа, тексеру барасында «Павлодар тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу орталығы» мен «Павлодар психоневрологиялық диспансерінің» неврологиялық және органикалық психикалық бұзылу, ақыл-ой кемтарлығы диагнозы қойылғандар мен есірткі, алкоголь қолданатын науқастарға қаруды өзімен бірге алып жүру және сақтауға қатысты берілген рұқсат қағазға қатысты тағы жеті факт анықталды. Облыстың Ішкі істер департаментінде қару ұстап, сақтауға рұқсат беретін жалған медициналық анықтамаларды жасаумен айналысқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр», деп хабарлайды Павлодар облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметі.

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН

http://www.aikyn.kz/