Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 20 ақпан. Baq.kz – Ел арасында «Адамға ұлы мақсат көрсете білсең, алмайтын қамалы болмайды» – деген қанатты сөз бар. Осы тұста мұның айқын дәлелі ретінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылғы стратегиясын біздер, жас буын өкілдері, бұл нағыз біздің стратегиямыз деп қабылдаймыз, – дейді ОҚО Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар орталығы” КММ жетекшісі Жанар Абдуллаева.

 

Аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған аталған мекеме талантты жастарды қолдау мен олардың құқығын қорғау сынды, брнеше бағыттар бойынша өз қызметін көрсетіп келеді.
Ол таяуда ғана өткен аймақ басшылығының кезекті бір жиналысында аудан әкімі Болат Дүйсебекұлының назарына ұсынған төмендегідей мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуін сұрапты. Шанақтағы мектептің аядай ғана спорт залында жаттығып жүрген жас жеткіншектеріміз кигбоксинктен облыс намысын қорғап, тіпті республикалық деңгейде жеңіс туын  желбіретіп жүрген өрендер. Жаттықтырушысы Нұрсұлтан Байтүгелов келешекте шәкірттерінің биіктерді бағындыратынына бек сенімді. Десек те, бір әттеген-айы, олардың жаттығу залында кигбоксинг алаңының жоқтығы дейді. Бұл жайт спортқа жаны құмар балалардың арманынан айналып тұр. «Жұмыла көтерге жеңіл» демей ме атам қазақ. Балалар арманын шындыққа айналдырып, неге тілектерін орындамасқа! Талантты толағайларымыздың спорт жолында жұлдызын жағар шамшырағы болуға септігіміз тиіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе дейді ол.

http://www.baq.kz/news/23587

Рубрика: