АЛТЫНОРДА
Новости

Янукович пен оппозиция «уақытша бітім» жасасты

Шерушілердің полициямен қақтығысы. Киев, 19 ақпан 2014 жыл.Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция жетекшілері елді саяси дағдарыстан шығару жөніндегі тікелей келіссөздерді бастау үшін «уақытша бітім» жасасты. Бұл туралы 19 ақпанда Киевтегі кездесуден кейін президент сайтында жарияланды.

Оппозиция жетекшілерінің бірі Арсений Яценюк өзінің «Батькивщина» партиясының сайтында «Биліктің бүгінге жоспарлаған Майданды басып алу әрекетін жасамайды» деп хабарлады. 18 ақпанда және 19 ақпанға қараған түні Киевтегі шерушілер мен милиция жасақтарының қақтығыстарынан 26 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған еді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Украина үкіметінің 20 мүшесіне виза беруге тыйым салғаны жөнінде хабарлады. Мемлекеттік департаменттің өкілі егер визалық санкциялар нәтиже бермесе, АҚШ Еуропа Одағымен бірігіп басқа да шаралар қолдануға дайын екенін мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама егер Украинадағы зорлық-зомбылық тоқтамаса, оның «салдары ауыр болатынын» ескерткен.

Бүгін Киевте Украина билігінің Германия, Польша және Франция сыртқы істер министрлерімен кездесуі өтеді.

 

http://www.azattyq.org/content/news/25270150.html