АЛТЫНОРДА
Новости

Янукович: Мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді

Украина президенті Виктор Янукович елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге және билік өкілетінің біразын парламентке беретін 2004 жылғы конституцияға оралуға бастамашы болатынын айтты.

Ол ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінде ұлттық сенім үкіметін құру шарасын бастауға да шақырды.

Киевте елдегі саяси дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталған еді.

Тоғыз сағатқа созылған келіссөздерге Украина президенті Виктор Янукович, оппозиция жетекшілері Арсений Яценюк, Виталий Кличко мен Олег Тягнибок, Германия сыртқы істер миинстрі Франк-Вальтер Штайнмайер, Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский қатысқан. Кейінірек келіссөздерге Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Владимир Лукин де қосылған.

Киевте соңғы үш күнде қақтығыстардан қаза тапқандар саны 75 адамға жетті деп хабарлайды Украинаның денсаулық сақтау министрлігі. 571 адам медициналық көмек сұрап келген, 363 адам ауруханаға жатқызылған.

Оппозиция өкілдері қаза тапқандар саны ресми есептен әлдеқайда көп дейді.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140221/330/330.html?id=25272168