АЛТЫНОРДА
Новости

Халық экологиялық ахуалға алаңдаулы

Астана. 7 ақпан. Baq.kz- Елімізде экологиялық жағдайдың оңып тұрмағаны баршаға белгілі. Дегенмен, кейбір ақпарат құралдарын оқығанда жаның түршігеді екен: Балқаш –Аралдың тағдырын қайталайды. Алматы – Атлантидаға айналады. Орталық Қазақстанның халқы ауызсусыз қалады. Мемлекет табиғат қорғауға барлық ынта-жігерімен кіріспесе, 15-20 жылда жоғарыда айтылған қауіптің алдан шығары сөзсіз. ЭКОСОС жобасының жетекшісі Бакытжан Базарбектің айтуынша, егер Қазақстан Қытаймен Іле мен Ертіс өзендерін пайдалану жөніндегі жағдайды реттемесе, елімізді үлкен экологиялық апаттар күтіп тұр…

 

Жоғарыда айтылған экологиялық қауіптер халықтың үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр. Осыған орай Ләйлә Рысқалиқызы деген саналы азаматша Қоршаған ортаны қорғау министріне хат жолдап, осы апаттардың алдын алу үшін қарапайым адамдар тарапынан не істеу керек деген сауал жолдайды. Мүмкін көпшіліктің атынан Қытай Халық Республикасына қол жинап жібереміз бе деген ойын айтады.
Бұл хатқа министрліктің Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаментінің директоры Б. Шаханов жауап береді: 2011 жылы Қазақстан мен КХР Үкіметтері арасында трансшекаралық өзендерді және қоршаған ортаны қорғауға қатысты Келісім жасалғанын айта келіп, бұл бағытта әлі де белсенді жұмыстар жасалып жатыр деп сендіреді.Департамент директоры, сондай-ақ, Ләйләға жеке азамат ретінде де, әйтпесе табиғат қорғаушы басқа ұйымдармен бірлесе отырып экологиялық мәлелелермен белсенді айналыса беруіне тілек білдірген.
Дәулетқали Асауов

http://www.baq.kz/news/23007