АЛТЫНОРДА
Новости

Үндістанда «Ислам мемлекеті» қатарына қосылған жастарды кешіруді ұсынып отыр

 Үндістанның құқық қорғау органдары «Ислам мемлекеті» тобына қосылған жастар отанына оралған жағдайда оларды тұтқындамауды ұсынып отыр, — деп хабарлайды The Times of India. Сондай-ақ бұл елдің Ішкі істер министрлігі содрлар қатарына қосылған жастар отанына оралатын болса кешірім беруді қарастыруда.

Мұндай қадамға баруды құқық қорғау органдары — «Ислам мемлекеті» тобына қосылаған жастар үйіне қайту туралы ойынан айнып қалмасын деп, қамауға алынады деп қорықпас үшін, олардың ата-анасы полицияға хабарламасын деп түсіндіріп отыр. «Егер бұл жағдайды заң тұрғысында қарайтын болсақ, онда бұл жастар Үндістанда заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Оларға отанына қайтуға мүмкіндік беріп, олардың бақылауға алып, кешірім берсек ақылға қонымды болмайды ма? Мүмкін, олар үшін де бұл тиімді шешім шығар. Дегенмен, бұл сауал әлі де қарастырылып жатыр», — дейді ІІМ-нің лауазымды шенеунігі.

Айта кетейік, басшылардың мәліметі бойынша, Ирактағы «Ислам мемлекеті» содырларынан қатарында 20-ға жуық Үндістан азаматы соғысып жатыр. Содырлардың қатарындағы Ариф Маджид есімді азаматтың туысқандары жуырда елдің ІІМ басшысы Раджнат Сингхпен кездесіп, одан жастар арасында радикализация процессін жүргізіп жатқан адамдарды жазалауын сұраған. Министр болса БАҚ өкілдері қауіпті екі есе көбейтіп жеткізетінін айтқан. Оның айтуына қарағанда, Үндістандағы мұсылмандардың басым көпшілігі «Ислам мемлекеті» тобын қолдамай, бұл жасаққа қосылмайды екен.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/undstanda-islam-memleket-kataryina-kosyilgan-jastardyi-keshrud-usyinyip-otyir-55303/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі