Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

44ac4cc3241289ab12b122eb194613f3Эмир Байғазиннің “Үндестік сабағы” (“Уроки гармонии”) фильмінің ресми трейлері жарық көрді. Кинотуынды Қазақстан прокатына 2013 жылғы 5 желтоқсанда шығады.

Картинада Аслан есімді 13 жасар баланың өмірі көрсетілген. Ол төңірегіндегі түрлі келеңсіздіктерге қарамастан жан тазалығына ұмтылады, айналасында болып жатқан жағдайларды өз бақылауына алмақ болады. Ересек балалардың көрсеткен қорлығы Асланның бойындағы қарсылықты күшейте түседі.

Өндіруші компаниялар: Қазақфильм, Post Republic Halle, Rohfilm, Arizona Productions, The Berlinale World Cinema Fund, Aide aux cinémas du monde, Work in Progress Award Sarajevo Film Festival

Қоюшы-режиссер және сценарий авторы: Эмир Байғазин

Қоюшы-оператор: Азиз Жамбакиев

Продюсер: Анна Качко

Рөлдерде: Тимур Айдарбеков, Аслан Анарбаев, Мұхтар Андасов, Анэля Әділбекова, Бейбітжан Мүслимов.

Рубрика: