Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ұлыбритания үкіметі Шығыс Украинада жүр делінген ресейлік соңғы үлгідегі “СА-22” зениттік зымыран кешендерінің суреттерін жариялады.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, “Панцирь-С1” зениттік зымыран кешенінің суреттері Мәскеудің ресейшіл сепаратистерді тікелей қолдап отырғанының тағы бір дәлелі. Украина армиясында мұндай қару-жарақ түрі жоқ болғандықтан, сепаратистердің бұларды ұрыста қолға түсіруі мүмкін емес.

Суреттерде қару-жарақтардың Шахтерск қаласында 24 қаңтар мен 5 ақпанда және Донецк қаласында 4 ақпанда түсірілгені көрсетілген.

18 ақпанда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг “Украинада Ресей әскері, артиллериясы мен әскери қорғаныс күштерінің бөлімдері әлі белсенді әрекет ететінін” мәлімдеген.

Ұлыбританияның НАТО-дағы елшісі Адам Томсон Ресейді Минскіде қол қойылған қақтығысты тоқтату келісімі талаптарын орындауға шақырды.

Кремль Украинаға әскер мен қару-жарақ жөнелтетінін әдеттегідей жоққа шығарып келеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26857335

Рубрика: