Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана, 15 наурыз, Baq.kz – Латын жазуы қазаққа бейтаныс емес. Бұл әріп тіпті Қытай елінде де 1961 жылдан 1983 жылға дейінгі аралықта қолданыста болған екен. Әсіресе, түркі халықтарымен ортақ жазуымыз бен ортақ ұлттық мәдениеттерімізді қалыптастыру мақсатында латын әліпбиіне көшкенді жөн санаймын, – дейді М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің ф.ғ.к., доцент Зиба Құламанова.

 

Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек? Саяси маңыздылығы жағынан айтқанда, кириллицамен сіңіп кірген отарлық санадан арылу үшін де оның маңызы зор. Екіншіден, латын жазуы қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса жаратылыс ғылымдары жағында да қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді.
Қазақ мәдениеті дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне 10-15 жылдың ішінде біртіндеп көшуге болады. Әрі әлем қазақтары латын әрпіне көше отырып, ала-құлалықтан да арылар еді. Бұл ортақ жазуымыз бен ортақ ұлттық мәдениетімізді қалыптастыратыны анық дейді ол.

 

http://baq.kz/news/24827

Рубрика: