Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 22 сәуір. Baq.kz – Халық саны жағынан Астананы Алматыдан кейінгі екінші орынға қоюға болады. Қаланың ұлттық құрамында қазақтар, орыстар, әзірбайжан, өзбек, белорус, тағы басқа көптеген ұлт өкілдері бар. Әрқайсысы жексенбілік мектептері мен этно-мәдени орталықтарын ашқан.

Жатсынбай, бауырына басқан қазақ еліне құрметін білдіре отырып, өз ана тілдерін ұмытпай, салт-дәстүрін сақтап келеді. Соның ішінде белорустардың «Родима» мәдени орталығының ашылғанына небары бір-ақ жыл болса да, жан-жақсы қалыптасып үлгерген.

Дмитрий Останькович, «Радима» белорус мәдени орталығының төрағасы:

– Минск университетінде дәл осындай қазақ мәдени орталығы бар. Ал, Астанадан белорус мәдени орталығын аштық. Екі ел арасында тығыз байланыс орнаған. Бір-бірімізге көмектесіп, ақпарат аламасып, іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде ұлттар достығы өте маңызды фактор.

Мәдени орталыққа 30 шақты адам мүше. Олардың жасы әр түрлі. Бір қызығы, арасында өзге ұлт өкілдері де бар көрінеді. Жалпы, елордада 17 мыңға жуық белорус тұрады.

 

http://baq.kz/kk/news/46180

Рубрика: