Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

434_1e461ab48a691f1e5a2a447cd84ed7a3Астана. 2 тамыз. Baq.kz – Жезқазған қаласында ұлт тарихын зерделеу мәселелеріне қатысты республикалық конференция өтті деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Музей: Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеудегі жаңа әдістер» атты тақырыппен өткен конференцияға еліміз бен қатар ресейлік ғалымдар да қатысты.
Конференция барысында ұлттық тарихи сананы қалыптастырудағы өлкетану зерттеулерінің атқаратын ықпалы мен ұлттық тарихи жадыны қалыптастырудағы музейлердің ролі кеңінен талқыланды.
Зинаида Чумакова, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры:

«Біздің музейіміздің 35 жылдық мерейтойына байланысты өткізіліп отырған бұл конференцияның маңызы зор. Өзекті мәселелерді көтеріп, жаңа әдістемелерді ортаға салдық. Қазақстан мен Ресейдің музей мамандары өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Жуырда конференция материалдары жинақ болып шығатын болады. Әдістемелік құрал есебінде шығатын бұл жинақтың материалдары ел тарихын зерттеуші мамандар үшін таптырмас құрал болатыны анық» дейді.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

http://www.baq.kz/kk/news/33359

Рубрика: