Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

inforesist.org фотоКеше Украинаның шығысында өз алдына жеке кетуді мақсат ететін Донецк пен Луганскі облыстарында өткен референдум қортындысы бүгін жарияланбақшы. Батыс елдері мен Киев бұл референдум қортындыларын мойындамайтындығын алдын ала мәлімдеген, қазір де оны нақтылап жатыр. Ал Қызыл Кремль әзірге үнсіздік танытуда. Бірақ…

Украина президенті әкімшілігінің басшысы міндетін атқарушы Сергей Пашинский ел аймақтарында ешқандай референдум өткен жоқ деп мәлімдеп жатыр. Украиналық басылымдардағы деректерге сүйенсек, Луганскі облыстық мемлекеттік әкімшілігі төрағасы қызметін атқарушы Ирина Веригина Белокуракинск, Сватовск және Троицк аудандарында бірде-бір сайлау учаскесінің ашылмағандығын фактілермен нақтылған. Донецкінің кейбір аудандарында да дауыс беру процесі үзілген. Мәскеудің референдум мерзімін кейінге шегеру туралы мәлімдеме жасауында осындай жайттың орын алатынын алдын ала білгендігінде болса керек дейді олар. Алайда бүгіндері Орталық сайлау комиссиясы цифрлары басқаша «сөйлеуде».

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала таратқан мәліметтеріне сәйкес, Луганскіні өз-өзін республика деп жариялауын қолдап, сайлауға қатысушылардың 94 пайызы дауыс берген. Ал Донецкіде бұл көрсеткіш 90 пайызды құраған.

Соңғы келіп түскен мәліметтерді негізге алсақ, Қызыл Кремль баспасөз қызметі референдумды тікелей қолдамаса да оны жоққа шығармайтынын дипломатия тілімен жеткізген хабарлама таратқан. Сөзбе-сөз келтіре кетсек: «Мәскеу Донецк пен Луганскі халқының ерікті таңдауына құрметпен қарайды және референдум қортындыларын шығару ісі Киев, Донецк және Луганскі өкілдері арасындағы ымыра диалог арқылы, ешқандай күштеусіз, өркениетті жолмен шешілетіндігіне сенім артады. Мұндай келіссөзді орнату мүддесі тұрғысында кез келген араағайындық танытушыларды, соның ішінде ЕҚЫҰ тарапын да қолдаймыз. Дауыс беру процесіне кедергі келтіру фактілер орын алғандығына қарамастан халықтың бұл шараға жоғары деңгейде қатысқанын баса айтамыз. Кісі өліміне әкелген бейбіт тұрғындарға қарсы қолданылған кез келген күштеу әрекеттерін, соның ішінде ауыр техниканың қолданылуын қатты сынға аламыз».

Алдында РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Путин Украинаның Донецк және Луганскі облыстарының мәртебесін айқындаушы референдумға қатысты өз ұстанамын аталған шараның қортындысы шыққан соң білдіреді» деп жариялаған болатын.

Рүстем Бурнашев, саясаттанушы:

– Референдум өтті, көбісі автномдықты қолдап дауыс берді. Ал ол референдум қортындаларын Батыс елдері мен Киев мойындамайтын болады. Ресей болса, референдум қортындысын Киевке қарсы ықпал тетігі ретінде пайдалануға тырысады.

Сонда қандай ықпал тетігі ретінде? Бұл ретте украиндық саясаттанушылар 25 мамырда өтететін президент сайлауы нысанға алынып отырғандығын айтады.

– Бұл – саяси ойын. Ресей Украинаның өз алдына мемлекеттігін жүргізуге наразы. Сондықтан да президенттік сайлауға нұқсан келтіргісі келеді. Заңсыз референдум өткізген аймақтар президент сайлауына қатыспай қоюы ықтимал. Сондықтан бұл қауіпті жағдайды болдырмас үшін елдің шығысында қазір ресми билікпен лаңкестікке қарсы операциялар өтіп жатыр, – дейді украин саясаттанушысы Владимир Фесенко.

Маман айтқандай-ақ өз-өзін халықтық республика деп жариялаған Донецк өңірі көшбасшыларының бірі күні кеше облыстың 25 мамырда өтетін президент сайлауына қатыспайтындықтарын мәлімдеген. Ресейдің Украинадағы президент сайлауын болдырмас үшін қам жасап жатқандығынан АҚШ та хабардар сынды. Бұл ретте БАҚ беттеріндегі АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдемесін келтіре кетелік: «Алдында президент Обама және канцлер Меркель Ресей билігі Украинаның шығысында тұрақсыздықты жалғастырып, осы айда өтетін президент сайлауына кедергі келтірсе, онда біз бұл әрекеті үшін Мәскеуді аяусыз әрі жылдам жазалайтын боламыз деп мәлімдеген болатын. Мұны тағы да ескерте отырып, АҚШ Донецк халықтық республикасы тәуелсіздігі жөніндегі референдум қортындыларын мойындамайтындығын мәлімдейміз». Бұл арада Ақ үйдің ресми өкілі Луганскіні мүлде сөзге кірістірмегенін баса айта кетелік. Соған қарағанда АҚШ Луганскіде референдум мүлде өтпеді деп санайтын сияқты.

Жалпы, сарапшылар референдумнан кейін орын алатын жағдайларға қатысты бес болжамды алға тартады:

1) Ешқандай өзгеріс болмайды

ДХР және ЛХР-дің көптеген бөлігі басқыншылар қолында болады, кейбірі орталықтың бақылауына жатады. Екі тарап белсене қарулана бастайды. Мәскеу үнсіздікті жалғастырады. Есесіне бұл өңірлер тиімді бизнес көзіне айналады. Мәскеу мен Киевтің өзі үшін де.

2) Ымыраға келеді

Референдум – халықтың пікірі. Сондықтан халық сөзіне құлақ асу керек. Бірақ бұл мүмкін емес жағдай. Өйткені ресми билік референдум кезінде де, одан соң да аталған аймақтарда лаңкестікке қарсы күрес операцияларын жалғастыруда.

3) Ресей әскері кіреді

Егер Ресей әскери тұрғыда қолдау білдірсе, онда украин күштерін ығыстырып шығу оп-оңай. Одан кейін Қырымдағы тәсілмен Ресей құрамасына өтуге болады.

4) Жаңа Ресей федерациясы құрылады

Егер ымыра келу процесі нәтижесіз аяқталса, онда Украинаны федерацияға бөлу процесі іске қосылады. Мұны Путиннің өзі мәлімдеген. Жоспар бойынша Жаңа Ресей федерациясы Днепропетровск, Донецк, Запорожск, Луганск, Николаевск, Одесса, Харьков және Херсон облыстарын қамтуы ықтимал.

5) Украина жаңа режимге бет бұрады

Оны Ресей мойындағысы келмейді

Сөз соңы

Украинаның шығысындағы қос өңірде өткен референдум қортындылары бүгін түскі үште жарияланады делінген. Алайда кешке дейін ақпарат құралдарына бұл тақырыпта тың мәлімет келіп түспеді…

Автор: Кәмшат Сатиева

http://alashainasy.kz/sabaktar/50850/

 

Рубрика: