Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Украинадағы 25 мамырда өтетін президент сайлауына ұйымға мүше елдерден бір мыңға жуық бақылаушы жібермек.

ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Занньердің мәлімдеуінше, сайлау кезінде Украинада ұзақ мерзімде жұмыс істейтін 100-ден астам бақылаушы болмақ. Бұдан өзге, сайлауға ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден мыңға тарта бақылаушы қатыспақ.

Занньердің сөзіне қарағанда, Украинада бақылаушылар миссиясы, сайлау есебін дайындайтын және елдің түрлі аймағына жіберетін адамдар жетіспейді. Ол ұйым бақылаушылары Украинаның барлық аймағында болып, сайлау барысын өз көздерімен көргені маңызды дейді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140516/330/330.html?id=25386822

Рубрика: