АЛТЫНОРДА
Новости

Украина Ресейден шекарадағы әскерін әкетуді талап етті

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов Ресейден Украинаның ішкі ісіне араласуды және «бопсалауды» тоқтатуды талап етті.

Телеарнадан сөйлеген Турчинов Украинаның «террористік қауіптен тайсақтамайтынын» айтып, Ресейден Украинамен шекарадағы әскерін әкетуді талап етті.

24 сәуір күні Ресей Украинамен шекарасына әскерін шоғырландырып, «Украина әскерінің ресейшіл сепаратистерге қарсы шабуылға шығуына және НАТО-ның Польша мен Балтық бойы елдеріндегі жаттығуларына жауап ретінде әскери жаттығу бастайтынын» мәлімдеген.

Украина ішкі істер министрлігі 24 сәуір күні Славянск қаласы маңындағы ұрыста бес сепаратист қаза тапқанын мәлімдеген.

Ресей президенті Владимир Путин Киевтің Украинаның шығысына әскер кіргізуін «ауыр қылмыс» деп атап, оның зиянды салдары болатынын айтқан.

 http://www.azattyq.org/archive/news/20140425/330/330.html?id=25361749