АЛТЫНОРДА
Новости

Украина парламенті жаңа үкіметтің құрамын бекітті

Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Арсений Яценюк басқаратын жаңа үкімет құрамын мақұлдады. Үкіметтің жаңа құрамын 420 депутаттың 288-і қолдап дауыс берді.

Украинада қазан айының соңында мерзімінен бұрын парламент сайлауы өткен еді. Сайлауда жеңіске жеткен батысшыл бес партия өткен айда коалициялық үкімет құруға келіскен.

Арсений Яценюк премьер лауазымын ақпан айынан бері атқарып келеді. Ол билікке бұрынғы президент Виктор Янукович қызметтен кетірілген соң келген. Бұған дейін депутаттар сыртқы істер министрі Павел Климкин мен қорғаныс министрі Степан Полторакты қызметтерінде қалуды қолдаған. Бұл қызметтерге кандидатты президент Петр Порошенко ұсынады.

Жаңа үкімет құрамында қаржы министрі қызметін бұған дейін АҚШ азаматы болып, АҚШ мемлекеттік департаментінде қызмет істеген, желтоқсанның 2-сі күні Украина азаматтығын алған Наталья Яресько атқарады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141203/330/330.html?id=26722336