Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украина парламенті басым көпшілік дауыспен премьер-министр Арсений Яценюктің отставкасын қабылдамай тастады.

31 шілдеде өткен сессияда қатысып отырған 311 депутаттың 295-і Яценюктің отставкаға кетуіне қарсы дауыс берді. Премьердің отставкасын тек 16 депутат қана қолдады.

Парламент премьердің отставкасына дауыс берер алдында елдің шығысындағы сепаратистерге қарсы әскери операцияны қаржыландыру үшін маңызды заң жобасын мақұлдаған.

Арсений Яценюк 24 шілдеде үкіметтік коалициядан екі партия шығып кеткне соң отставкаға кететінін мәлімдеген. Бірақ отставкаға кету үшін  ол парламенттің мақұлдауынан өтуі тиіс болған.

Украина президенті Петр Порошенко парламент пен үкіметті ымыраға келіп, парламенттің жұмысын жалғастыра беруге шақырған.

31 шілде 2014
http://www.azattyq.org/archive/news/20140731/330/330.html?id=25476366

Рубрика: