АЛТЫНОРДА
Новости

Украина гвардиясы: Фосфор бомбасын қолданған жоқпыз

Славянск қаласы маңында жүрген украин әскері. Украина, 10 маусым 2014 жыл.Украина ұлттық гвардиясы кейбір ақпарат құралдарында жарияланған елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы операция барысында фосфорлы оқ-дәрілер қолдануы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Гвардияның баспасөз қызметі мұндай ақпаратты «ақылға қонымсыз» деп атап, «ұлттық гвардияда фосфорлы оқ-дәрілер ешқашан болған емес» деп мәлімдеді.

12 маусымда ресейлік бірқатар ақпарат құралдары ресейшіл сепаратистерге сілтеме жасап, украин әскері Славянск қаласы маңындағы Семеновка селосын атқылағанда тыйым салынған фосфор оқ-дәрілері бар бомбалар қолданды деп хабарлаған еді. Куәгерлер осының салдарынан селода өрт басталғанын айтқан.

http://www.azattyq.org/content/news/25419321.html